№56 «Береке» балабақшасы, Нұр-Сұлтан, Қазақстан


+7 (7172) 52-89-17, +7 (7172) 52-89-16 (факс)
«Заречный» тұрғын алабы, № 24 көшесі, 20 үй

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16-желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады.

14-15 желтоқсанда N56»Береке"балабақшасында Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті. Бұл іс-шаралардың мақсаты балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы, желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсетулер арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында балалар арасында ұлттық ойындарды дәріптеп, ойнауға үйрету.

Мектепалы даярлық топтарда мерекелік ертеңгіліктер өтті.

RSS feed

Байланыс телефондары

+7 (7172) 52-88-78

+7 (7172) 52-89-16

+7 (7172) 52-89-15

Бүгінгі №56 «Береке» балабақшасының табалдырығындағы ойын баласы — ертеңгі ел болашағы. Елдің ертеңін ойласақ, бүгінгі ойын баланың заман талабына сай дамуына үлес қосайық.

«Береке» балабақшада 2013-2014 оқу жылының жылдық жоспарына сәйкес білім беру үдерісін қарқындату үшін ашық сабақтар, кеңестер, педагогикалық кеңестер, семинарлар өткізілді.

Дизайн және сайтты әзірлеу: Webmarka