№56 «Береке» балабақшасы, Астана, Қазақстан


+7 (7172) 52-89-17, +7 (7172) 52-89-16 (факс)
«Заречный» тұрғын алабы, № 24 көшесі, 20 үй

Мектеп және балабақша басшыларымен маңызды кездесу болды

0.0/5 rating (0 votes)
Мектеп және балабақша басшыларымен маңызды кездесу болды

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау және Қалалық орта сапасы және бақылау басқармаларының ұйымдастыруымен Астана қаласы бойынша мектеп және балабақша басшыларымен маңызды кездесу болды. 2018 жылдың 5 желтоқсанында болған шара Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауында көрсетілгендей Сапалы жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандырудың әділетті жүйесіне орай болған еді.

Шараға қатысушылар Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өкілдері.

«Біз бүгін біраз ақпарат алдық. Елбасының жақында жария болған Жолдауындағы қарапайым халыққа жасап отырған жағдайының іске асып жатқанына қуанамын. Міне, жаңа жылдан бастап ең төменгі жалақы 42 мың теңгеге көтерілетіні біз үшін үлкен көмек болды. Оның үстіне мұғалімдердің жалқысы көтерілетіні де. Өйткені, қазір біздің мектепке ағылшын тілі пәнінің мұғалімі қажет еді»- деді Астана қаласы №78 мектеп директоры Жұмабекова Жанар Өмірханқызы.

Кездесу барысында жұмыс берушілермен халықты жұмыспен қамту, жұмыс орындары квотасын орындау, еңбек нормаларын сақтау, ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру, «Электрондық еңбек биржасы» интернет-порталында (www.enbek.kz) тіркелу, электронды еңбек шартын тіркеу, бірыңғай жинақталған төлем, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мемлекеттік органдардың өкілдері және жұмыс берушілердің арасындағы кездесулер апта сайын ұйымдастырылуда.

Астана қаласы

Халықты жұмыспен қамту

Орталығының Баспасөз қызметі

Байланыс телефондары

+7 (7172) 52-88-78

+7 (7172) 52-89-16

+7 (7172) 52-89-15

Бүгінгі №56 «Береке» балабақшасының табалдырығындағы ойын баласы — ертеңгі ел болашағы. Елдің ертеңін ойласақ, бүгінгі ойын баланың заман талабына сай дамуына үлес қосайық.

«Береке» балабақшада 2013-2014 оқу жылының жылдық жоспарына сәйкес білім беру үдерісін қарқындату үшін ашық сабақтар, кеңестер, педагогикалық кеңестер, семинарлар өткізілді.

Дизайн және сайтты әзірлеу: Webmarka