№56 «Береке» балабақшасы, Астана, Қазақстан


+7 (7172) 52-89-17, +7 (7172) 52-89-16 (факс)
«Заречный» тұрғын алабы, № 24 көшесі, 20 үй

МКҚК №56 «Береке» балабақшасының №2 ата-аналар жиналысы

0.0/5 rating (0 votes)
МКҚК №56 «Береке» балабақшасының  №2 ата-аналар жиналысы

Уақыты: 09.01.2019ж. Сағат: 18:30

Қатысушылар саны: 53

Тақырыбы: Балабақшаның 2018 жылғы атқарылған жұмыстарының есебі

Күн тәртібі:

  1. Оқу –әдістемелік жұмыс есебі.
  2. Қаржының жұмсалу есебі.
  3. Ағымдағы мәселелер.
  4. Алғы сөз, балабақша меңгерушісі Алипбаева Гүлсім Азімжанқызына берілді.

Құрметті ата-аналар № 56 «Береке» балабақшасына қош келдіңіздер! Бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасы ынтымақтастығын нығайту, ата-ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластықорнауына ықпал етеді. Бүгін біз сіздердібіздің балабақшамыздың 2018 жылғы атқарылған жұмыс есебімен таныстыратын боламыз.

  1. Әдіскер Венера Ахметқызы сөз алып, 2018 оқу жылының қорытындысын слайд бойынша көрсетіп, жұмыстармен таныстырып, жеткен жетістіктермен таныстырды. Биылғы 2018 оқу жылындағы жасалған жұмыстарды атап, талдады.
  2. Есепші Айтуова Бота сөз алды, есеп берді.

Қайырлы кеш құрметті ата-аналар! Алдымен сіздерді өткен Жана жылдарыңызбен құттықтаймын! Мына келіп жеткен Жаңа жыл сіздердің армандарыңыздың орындалуына жол ашсын. Сіздерге және сіздердің балаларыңызға мықты денсаулық, жаңа жетістіктерге қол жеткізулеріңізге тілек білдіремін. Келесі сөзімді орыс тілінде жалғастыруға рұқсат етіңіздер. Подводя итоги первого полугодия хотела озвучить отчет распределения бюджетных средств. Душевое финансированию на 2018 год утверждено на одного воспитанника 41259 тенге, мощность финансирование только на 240 детей, фактическое численность в саду 358 детей. Полугодовая сумма финансирования Акиматом на 2018 г составила 39608640 тенге.

Из них по плану было израсходованно:

Виды услуг

Сумма в тг

Заработную плату сотрудников

16072435 тыс тенге

Теплоэнергия

11195748 тыс тенге

Водоснабжение и канализация

180335 тыс тенге

Прочие услуги хоз

2039970 тыс тенге

Канц

988900 тыс тенге

Электро

1030,8

Охрана объ

540,0

Видео

65,4

Ипн

1512,8

Соц нал

1298,7

Опв

2736,8

Провсоюз

214,6

Осмс

698,5

Также отчеты годовые использование бюджетныхсредств вы можете увидеть на сайте детского сада berekeastana.kz которые будут до 15 января текущего года.

  1. Балабақша медбикесі Жақсыбай Ұлдана сөз алды.

Ата – аналармен сәлемдесіп, өзін таныстырды.

2018 жылдың қазан айында бала саны орта есеппен 286-287 баланың балабақшаға келіп жүргендігі анықталған. Және де, қараша айында балабақшаға келіп жүрген балалар санының көрсеткіші 254-260 түскендігін мәлімдеді. Себебі, ОРВИ мен ауырған балалар саны 63, қызылша аурумен ауырған балалар саны 24 ке жеткендігін атады. Сонымен қатар «Қошақан» ортаңғы тобында қызылша ауруымен сыркаттанған балалар санының көп болғандығын жасырып қалмады.

Желтоқсан айында 290-300 бала келіп жүрді. ОРВИ мен ауырған бала саны 37, 12 бала демалыста болғандығын түсіндіріп берді.

Жалпы балабақшадағы бала саны 360. Балабақшамызда 2018 жылғы статистикаға сүйенетін болсақ «педикулез», «қышыма», «дерматит»-деген сияқты жұқпалы аурулармен тіркелген баланың жоқтығын тілге тиек етті.

Медбике өзінің аптасына 2 күн, дүйсенбі және бейсенбі күндері балалардың жалпы тазалығын (тырнақ, шаш, құлақ) тексеріп отыратындығынан да мәлімет берді. Және ата – аналарға демалыс күндері, балаларды суға түсіріп, тазалығына жауапкершілікпен қарауды өтінді.

Келесі әңгіме балабақшаның ас мәзірі жайында болды. Арнайы мамандардың сараптап, бекітуімен ас мәзірі дайындалатындығын, және оны ешқандайда өзгертуге болмайтындығын айтты.

Медбике Жақсыбай Ұлдана өзінің сөзін, баланың балабақшаға себепсіз 3 күннен көп калған жағдайда дәрігердің арнайы анықтама қағазы керек екендігін айтып, сөзін қорытындылады.

  1. Шаруашылық меңгерушісі: Айман Серікқызы 2018 жылдың кварталдары бойынша есеп берді.

Балабақшаның автономдық жылумен жабдықталғандығын айта отырып, топтардың қалыпты температурасы арнайы нормаға сәйкес келетіндігін түсіндірді.

Балабақша шатырының бүтін екендігі, ешқандай топтарға жаңбырлы күндері судың өтпейтіндігін түсіндірді. Қыс мезгіліндегі қар тазалығы да өз дәрежесінде тазартылып жатқандығын айтып сөзін қорытындылады.

  1. Хатшы Құралай Муханалиева сөз сөйледі.

Баланы бақшаға қабылдау жайында және күнделікті күнтізбе есебі бойынша әр бала жылына 2 айлық мерзімде демалысқа шыға алатындығы түсіндірілді. Сонымен қатар осы екі айлық демалыс уақытында баланың балабақшадағы орны сақталатындығын түсіндірді. Баланың себепсіз 3 күннен артық қалуға болмайтындығын қатаң ескертті.

Төлем ақы төленбеген жағдайда, балабақшадан себепсчіз қалса , балабақшадан шығару туралы 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап №599 бұйрық өзгертілген.

  1. Бақытгүл Қарақойшықызы, Кәсіподақ төрайымы балабақша жайында қысқаша мәлімет берді, кәсіподаққа түскен ақша туралы, оның қайда жұмсалатындығы жайында мәлімет берді. Және де балабақшаға жұмысқа қабылданған кісінің мектеп жасына дейінгі балалары немесе немерелеріне балабақшадан орын берілетіндігін де түсіндірді.
  2. Меңгеруші Г. А.Алипбаева сөз кезегін алып, ата-аналардан жауабын білгісі келетін, мазасыз сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік берді.

Ата – аналар сұрақтары:

  1. Футбол, Каратэ ақылы үйірмелеріне толық қатыса алмаған жағдайда қайта есептеу мүмкіндігі бар ма?
  2. Балалардың серуенге шығуы жайында.
  3. Балабақшаға себепсіз канша күнге дейін келмеуге мүмкіндік берілген?
  4. Балабақшаның ас мәзірі жайында біршама сұрақтар қойылып, ата –аналар барлық сұрақтарына толық жауап ала алады.

Шешімі:

2018 оқу жылының I-жарты жылдық жұмыстарының қорытындысы жақсы деп есептелсін.

Меңгеруші: Г.А.Алипбаева

Хатшы: Д.А.Напбаева

Байланыс телефондары

+7 (7172) 52-88-78

+7 (7172) 52-89-16

+7 (7172) 52-89-15

Бүгінгі №56 «Береке» балабақшасының табалдырығындағы ойын баласы — ертеңгі ел болашағы. Елдің ертеңін ойласақ, бүгінгі ойын баланың заман талабына сай дамуына үлес қосайық.

«Береке» балабақшада 2013-2014 оқу жылының жылдық жоспарына сәйкес білім беру үдерісін қарқындату үшін ашық сабақтар, кеңестер, педагогикалық кеңестер, семинарлар өткізілді.

Дизайн және сайтты әзірлеу: Webmarka