№56 «Береке» балабақшасы, Нұр-Сұлтан, Қазақстан


+7 (7172) 52-89-17, +7 (7172) 52-89-16 (факс)
«Заречный» тұрғын алабы, № 24 көшесі, 20 үй

Дарынды бала тәрбиелеу-ұлт болашағына қызмет ету

0.0/5 rating (0 votes)
Дарынды бала тәрбиелеу-ұлт болашағына қызмет ету

Ұлтқа қызмет ету балаға қызмет етуден басталады…

«Қазақстан ұлы державада болуы үшін бізге күш қуат, қажыр қайраты мол, ақылды да ойлы, дарынды жастар керек» деген еді ҚР тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаев

Дарынды балалармен жұмыс жасау мәселесі қазіргі қоғам үшін өзекті болып отыр. Бүгінде мектепке дейінгі ұйымдарға, мектептерге жоғары талаптар қойылып жатыр. Сонда ата-аналар мен қоғам үшін «жақсы балабақша», «жақсы мектеп»дегеннің не маңызы бар?

  • Бұл – барлық білім беру салалары бойынша жақсы білім беретін, ал бітірген соң балалардың ЖОО-ға жүрек қалауымен таңдау жасауы көмектесетін білім беру ұйымдары.
  • Білім беруде жоғары санатты және білімді педагогтар қажет.
  • Білім беру ұйымдары жаңашыл білім беруі қажет және өзіндік дәстүрі болуы тиіс.

Алдымен қандай балалармен жұмыс жасау керектігін айқындаймыз. Ерекше қабілеті бар балалармен:

Қабілет дегеніміз белгілі айқын әрекетте нәтижелі айналысуға көмектесетін тұлғаның өзіндік ерекшелігі.

Дарын дегеніміз белгілі бір жағдайдағы ең үздік мүмкіндік, қабілеттіліктің жоғары сатысы. Әдетте дарын белгілі ортада байқалады.

Данышпандық– дарын дамуының жоғарғы дәрежесі, ол сапалы да жаңа әрі өте сирек кездесетін дүниенің жасалуымен, шығармашылықтың ертедегі зерттелмеген жолдарының ашылуымен байланысты.

Дарындылықты өмір ағымымен дамып отыратын психика сапасының жүйелілігі ретінде түсінеді, ол белгілі бір адамды басқа адамдармен салыстырғанда, бір немесе бірнеше әрекетте өте жоғары нәтиже көрсетуімен байқалатын жетістік мүмкіндігін аңғартады.

Дарынды бала – белгілі бір әрекетте жарқын, айқын, кейде өте жоғары жетістіктерімен (немесе осындай жетістікке ішкі қабілеті жететін) ерекшеленетін бала.

Дарынды балаларды айқындау бақылаудың негізінде, психологиялық ерекшелігін, сөйлеу, есте сақтау, логикалық ойлау қабілетін зертеу барысында балабақшадан басталуы тиіс.

Дарынды балалардың белгілері:

  • көпшілікпен салыстырғанда таным- білімі ерекше, өмірге құштар, шығармашылық мүмкіндігі мен көзге түсуі байқалады;
  • өте басым боп келетін белсенді де саналы талап көрінеді;
  • білуге деген құштарлығымен, ой еңбегінен қуаныш сезінеді.

Өмірдің өзі баланың үнемі өзгеріске түсіп отыратын жағдайларда жол таба білуге, ашық, жайдары, тез тіл табысатын және құзіреттілікке дайын болуын талап етеді.

Міндеттері:

  • Педагогтің дарынды баланың психологиялық ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан тануы және олармен жұмыс жасаудың әдістемелік жолдарын білуі;
  • Педагогтің әдістемелік оқу, педкеңестер, өзін-өзі тану арқылы білім алуы
  • Берілген сұрақтар бойынша кітапханалық қорының жинақталуы;
  • Педагогтің мақсатқа бағытталған педагогикалық бақылау, диагностика жолдарымен таныс болуы;
  • Балалардың өзіндік қабілеттерін көрсетуіне жол ашатын әртүрлі білім алу ортасынан тыс сайыстар, зияткерлік ойындар, олимпиадалардың өткізілуі;
  • Оқыту әдістері мен тәсілдерінің әртүрлі жүйесінің ішінен өзіндік ойлау қабілетін, ынтасын және шығармашылығын дамытуға мүмкіндік беретінін таңдау;
  • Балалардың қатарластарымен бірігіп әрекет жасау барысында өзіндік жұмыс арқылы қабілетін іске асыруына мүмкіндік туғызу.
  • Зерттеу әрекеттері элементтерін игеру;

Бағыттары:

  • балалармен жұмыс;
  • ата-аналармен жұмыс;
  • педагогикалық ұжыммен жұмыс.

Кезеңдері:

  1. Дайындық кезеңі
  2. Сараптамалық
  3. Ұйымдастырылған-әрекеттік;
  4. Оқушы қабілетін қалыптастыру, тереңдету және дамыту кезеңі.

Дарынды балалармен жұмыс стратегиясы

Мақсаты:

Білім беру ұйымдарында дарынды балалармен жұмыс жүйесін қалыптастыруға жағдай жасау және шығармашылық орта туғызу жұмыстың бар кезеңдерінің ішіндегі ең маңыздысы болып табылады:

Педагогтер де, балалар да мынаны түсінгені абзал:

  1. Білім беру ұйымдары – қателесуге рұқсат етілетін орын;
  2. Әркім өз көзқарасын және өз ойын ашық айтуына болады;
  3. Әрекетті немесе нәтижені сынау, жеке тұлғаны мақтау;
  4. Бала тек өз-өзімен ғана салыстырылады;
  5. Педагог баланы үнемі жігерлендіріп отыруы қажет;
  6. Балаларға жол сілтей бермей, керісінше тәуелсіз әрекет етуге көмектесу;

Міндеттері:

  • Нормативті негізді үйрену.
  • Дарынды балалармен жұмыс жасауды жоспарлау.
  • Міндеттерді үлестіру
  • Жобаны іске асырудың материалды-техникалық, педагогикалық шарттарын талдау.

Диагностика:

Дарындылықтың шығу тегінен бөлек оның диагностикасы болуы қажет. Білім беру ұйымдарындағы педагогтерге балалардың әлеуетті мүмкіндігін танып білуіне көмектесетін әлеуметтік педагогтың ролі осыған байланысты арта түседі.

Балалар келесі бағытта танылып айқындалады:

  • шығармашылық ойлау қабілеті;
  • өзін-өзі бағалау деңгейі;
  • төзімділік;
  • әрекеттің тәуірлеу түрлері;
  • сезімталдық күші;
  • Сіз көшбасшысыз ба?
  • Сізге не ұнайды (қызығушылық картасы)?
  • Тапсырма беру диагностикасы және тұлғаның бейімділігі;
  • Дарынды балалардың тәртібі туралы мінездемесі;

Педагогтер де дарынды балалармен жұмыс жасау икемділігіне қарай айқындалады. Қабілетті және жекелеген пәндерді үйренуде ерекше табыстарға жеткен оқушылардың құрылған анықтамасы психолог пен әлеуметтік педагогтың анықтамалық нәтижесімен сәйкес келеді.

Психолог дарынды балаларды психологиялық тұрақтылық пен психореттілік дағдыларын сақтай білуге үйретеді, әлеуметтік маңызы бар ортаға (жанұяда, қатарластар арасында) бейімделуін қалыптастырады; олардың психолого-педагогикалық дайындық деңгейін жоғарылататын бағытта педагогпен дербес жұмыс жасауын ұйымдастырады.

Бұл жұмыс кезеңінің қорытындысы бойынша дарынды баланың үш түрін көрсетуге болады:

1.Басқалармен тең жағдайдағы ой дамуы жағынан жалпы жоғары деңгейлі балалар (бұл көбінесе мектепке дейінгі және кішкене мектеп жасындағы балаларда кездеседі).

  1. Ғылымның белгілі бір көлемінде арнайы ой дарындылығымен ерекшеленетін балалар (жасөспірім шағында).
  2. Оқуда белгілі бір себептермен табысқа жетпеген, бірақ айқын танымдық белсенділігі, психологиялық қорының шынайылығы, айрықша ой резерві бар балаларлар.

Дарынды балалармен жұмыс жасау үшін педагогке қажетті сапалар.

Педагог міндетті:

  1. жақсы тілектес және сезгіш болуға;
  2. дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерін жете білуге, олардың талабы мен қызығушылығын сезуге;
  3. зияткерлік дамудың жоғары деңгейінде болуға;
  4. қызығушылық пен икемділіктің кең көлемін игеруге;
  5. дарынды балаларды оқытумен байланысты әртүрлі міндеттерді орындауға дайын болуға;
  6. пысық және белсенді мінезді болып келуге;
  7. әзіл-оспақты сезіне білуге (мысқылдан аулақ болуы керек);
  8. икемділік танытуға, өз көзқарастарын қайта қарауға және үнемі өзі қол жеткізуге дайын болуға;
  9. шығармашылық жеке дүниетанымы болуға;
  10. дені сау және өмірде тұрақты болуға;
  11. дарынды балалармен жұмыс жасауда жоғары оқу орнынан кейінгі арнайы дайындығы болуға және алдағы уақытта арнайы білімді игеруге дайын болуға.

Жас дарынды іздеуде балаларға ғана емес, ата-аналар мен педагогтарға бағытталған шаралар кешенін негізгі жол деп тануға болады. Балаларды таңдаудың әртүрлі әдістерін қолдануда және алдағы уақытта олардың жетістіктерін үздіксіз қадағалауда маңызды. Дарынды балаларды шығару баланың ата-анадан және педагогтан келетін белгілі бір әрекеттегі жоғарғы жетістігі есепке алынады. Сонымен қатар топтық тестілеу мен әлеуметтік сұрақ-жауап парақтарының нәтижелері де қолданылуы мүмкін. Бұл балалар ортасын тереңірек дербес зерттеу үшін мүмкіндік жасайды.

«Дарынды ұстаздан-дарынды шәкірт шығады» демекші, дарынды балалардың көп болуы дарынды, шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздарға байланысты. Тұңғыш президентіміз «бәсекеге қабілетті қоғам орнатудың негізі-білімде»-деп айқындап көрсетті. Ал, біз, ұстаздар қауымы, осы қоғамдық-әлеуметтік сұранымға сай білімді де білікті, әлемдік бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеуіміз қажет. Қорыта айтқанда, баланың мектепке дейінгі ұйымда, мектеп қабырғасында алған білімі оған қызмет жасайтындай дәрежеге жеткізуге ұмтылуымыз қажет.

Гүлсім Әзімжанқызы Алипбаева

Нұр –Сұлтан қаласы  №56 «Береке» бала бақшасының меңгерушісі

Байланыс телефондары

+7 (7172) 52-88-78

+7 (7172) 52-89-16

+7 (7172) 52-89-15

Бүгінгі №56 «Береке» балабақшасының табалдырығындағы ойын баласы — ертеңгі ел болашағы. Елдің ертеңін ойласақ, бүгінгі ойын баланың заман талабына сай дамуына үлес қосайық.

«Береке» балабақшада 2013-2014 оқу жылының жылдық жоспарына сәйкес білім беру үдерісін қарқындату үшін ашық сабақтар, кеңестер, педагогикалық кеңестер, семинарлар өткізілді.

Дизайн және сайтты әзірлеу: Webmarka