14-15 желтоқсанда N56»Береке"балабақшасында Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16-желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады.
14-15 желтоқсанда N56»Береке"балабақшасында Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті. Бұл іс-шаралардың мақсаты балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы, желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсетулер арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында балалар арасында ұлттық ойындарды дәріптеп, ойнауға үйрету.
"Балдәурен" тобы
"Еркетай" тобы
"Қарлығаш" тобы
"Әйгөлек" тобы
"Ақбота" тобында «Отаным менің -Қазақстан" атты тақырыптық тәрбие сағаты өтті.
"Таңшолпан" және "Балақай" топтарында қызу да тартысты « Тәуелсіздік қасиет тұрған ұлы ұғым" атты спорттық сайыс өтті.
"Құлыншақ" тобы
"Қошақан" тобы
"Арай" тобы
Кіші «Балапан" және «Бөбек" топтары Тәуелсіздік күніне орай көрме ұйымдастырды.